Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жігіт тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін жазаланды

Түркістан облысында тұрғын экстремистік материалдарды таратқаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды орналастыру деректерін анықтады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында экстремистік материалдарды таратқан Арыс қаласының тұрғыны жігітті анықтап, ұстады.

Тінту барысында ұсталған адамнан діни сипаттағы аудио жазбалары бар ұялы телефондар, тыйым салынған діни әдебиеттер және өзі жазған парақтар алынды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 256-бабы (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркеді. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарындағы әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алып, жеке басының қауіпсіздігі мақсатында әлеуметтік желілердегі күмәнді сайттар мен топтарға кірмеу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру