Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының ПД бастығы үздік атқыштарды марапаттады

Түркістан облысында қызметте ерекше көзге түскен және практикалық оқ атудан жүлделі орындарға ие болған полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысты. Яғни, облыстың бас полицейі өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындап, қылмыстың ізін суытпай ашуға ықпал еткен тәртіп сақшыларын Құқық қорғау Заңына сәйкес арнайы марапаттады.

Олар Түркістан ҚПБ-ның Жедел басқару орталығы күшпен құралдарды басқару тобының инспекторы Санжарбек Абдаев пен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Нұрболат Дарбичев. Аталған қызметкерлер Түркістан облысы Полиция департаментінің грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, М. Қабденов Алматы қаласы “Айтэй” полигонында өткен практикалық атудан жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтап, құрмет көрсетті. Сәуір айының 22-24 күндері аралығында еліміздің барлық өңірлерінен жиналған бөлініс қызметкерлері арасында атудан жарыс өткен.

Аталған сайыста топ жарып, үшінші орынға ие болған Түркістан облысы ПД-нің оқу жаттығу взводының аға инспекторы Асылбек Ибрагимов, Жәнібек Айдарбек, Есімжан Қалыбаев, Аббазхан Тілеуханов арнайы диплом, медальмен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру