Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 1000-нан астам құқықбұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Қауіпсіз жол” іс-шарасының бірінші тәулігінде 1000-нан астам құқықбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында биыл 11-13 тамыз күндері аралығында Түркістан облысы аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Түркістан облысы ПД ЖПҚ қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыруда.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде облыстың автожолдарында 1082 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, соның ішінде төртеуін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. 11 мас күйінде автокөлікті басқару анықталған. Полиция қызметкерлері жылдамдықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 55 жүргізушіні тартқан. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша жеті жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 48 жайты және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 15 деректі анықтады. Көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 114 жүргізуші жазаланды және 248 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар айқындалды. Сондай-ақ, 20 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 124 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыптұрағына 40-тан астам көлік қойылды.
Оған қоса, рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз жабдықтаудың сегіз жайтын және техникалық байқаудан өтпеген 35 деректі, көлік құралын рейс алдындағы тексеру мен медициналық тексеруден өтпеген бір жайтын анықтады.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында 400-ге тарта түсіндірме жаднамаларын таратып, жүргізушілер мен жолаушыларға жолда абай болуын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру