Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады
Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның Шардара қаласы көшелерінің бірінде тұрған Audi автокөлігінен белгісіз біреулер аккумуляторын ұрлап кеткен.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы мен криминалистер куәлардан жауап алып, ауланы аралап, мәліметтер базасы бойынша тексеру жүргізді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, қылмыстың «ізін суытпай» ашты. Автоұрылар Шардара қаласының екі тұрғыны болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның толық мән-жайы мен сезіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.