Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алған күдікті әйелді анықтады

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алған күдікті әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Оны әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген сырттай танысы ақша салсаң көбейтіп беремін деп алдаған.

Осылайша, алаяқтық жолмен ақшасының еселеніп қайтатынына сендіріп, өзінің есепшот нөміріне 60 мың теңге ақша аудартып, қайтармай қойған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 
Осындай алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ әйелді ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Оның болуы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында, ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Түлкібас АПБ-ға жеткізді. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру