Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері әжетханасына есірткі сақтаған жігітті ұстады

Түркістан облысының полицейлері әжетханасына есірткі сақтаған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізуде. ТО ПД Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен осындай кезекті профилактикалық жұмыс кезінде есірткіге қатысты қылмыс бойынша хабарлама келіп түседі. Хабарламада тұрғындардың бірі есірткі затын тұтынып әрі сақтайды делінген.

Ақпарат алысымен бәйдібектік полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктінің үйін, жеке басын анықтады. Оның ауласына тінту жүргізу барысында әжетханасының шатырына жасырынған есірткіге ұқсас хош иісі бар пакетке салынған жасыл түсті, ұнтақталған, кептірілген өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 14 грамға жуық “кептірілген марихуана” болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру