Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері егістік алқаптағы автокөліктен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері егістік алқаптағы автокөліктен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған Келес ауданының тұрғыны арызданып келді. Оның айтуынша Ордабасы ауданының ауылдарының бірінде егістік алқапта тұрған Ваз-2114 автокөлігіне белгісіз азамат ұрлыққа түскен. Содан соң сөмкесінің ішінде тұрған 160 мың теңге ақшасын жасырын жымқырған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Ордабасы АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алды. Нәтижесінде ордабасылық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол сол егістік алқапта жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай жәбірленуші азамат қарбыз арту мақсатында егістік алқапқа келген. Сондай-ақ ойға алған шаруасын аяқтаған соң, есептесу мақсатында автокөлігінен ақшаны алып бермек болған. Алайда оны таба алмаған. Осылайша бірден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Ал тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріп, жәбірленушіге тиесілі ақшаны қайтарып берді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне құнды заттарды көлікте қалдыруға болмайтынын ескертеді. Сіз, абай болуыңыз керек және қысқа уақытқа кетсеңіз де, көліктің терезелері мен есіктерін жабуды ұмытпаңыз. Көлікті жақсы жарықтандырылған жерге немесе күзетілетін тұраққа қою ұсынылады. Мүмкіндігінше көлікке қауіпсіздік дабылын орнатыңыз, бұл ұрыларды қорқытуға көмектеседі. Егер, Сіз, автокөлік ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру