Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаудың бірнеше фактісін анықтады

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаудың бірнеше фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында өтіп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаудың бірнеше деректерін анықтады.

Сарыағаш АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары қаласы көшелерінің бірінде жергілікті тұрғыннан марихуанаға ұқсас зат тапты. Полицейлер есірткі заты бар ораманы алып, сараптамаға жіберді. Оның қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған кептірілген марихуана болып шықты.

Сондай-ақ, жұмыс күнінің бірінде Сарыағаш АПБ-ға есірткі тасымалдаған күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Анықталғандай, ресейлік нөмірлі Nexia көлігін тексеру кезінде Нелли атты шекарашылардың қызметтік иті жолаушылардың біріне белгі берген. Жедел уәкілдер күдікке ілінген Сарыағаш ауданының тұрғынын тінту кезінде оның қалтасынан ерекше хош иісі бар есірткі орамасын тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткі марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Есірткіге қатысты қылмыс келесі күні Жібек жолы бақылау-өткізу бекетінде анықталды. Яғни, есірткі контрабандасын анықтау дерегі бойынша полицияға хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлердің анықтауынша, Белка есімді қызметтік ит Өзбекстан азаматынан есірткі тапқан. Ер адамды тінту кезінде оның спорттық аяқ-киімде жасырылған есірткі заты бар қағаз орамасын тәркіледі. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді, оған сәйкес алынған зат кептірілген марихуана болып шықты. 

Аталған жайт ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру