Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 17 пәтерді тонаған ұрыларды ұстады

Полицейлер Түркістан облысы аумағында “Пәтер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның негізгі мақсаты – криминогендік жағдайды жақсарту, пәтер және өзге де қылмыстарды ашу, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар күдіктілерді ұстау және басқа да құқықбұзушылықтардың жолын кесу. “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге криминалдық және әкімшілік полицияның 400-ден астам қызметкері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен Түркістан облысы ПД басқа да бөлімшелері жұмылдырылды.

“Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы құрылған топтар ұрланған мүліктерді сатумен айналысатын адамдарды, олардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартты, сондай-ақ базарлардың аумағын, ломбардтарды және ұрланған мүлікті өткізу мүмкіндігі бар басқа да орындарды тексерді.

Нәтижесінде, “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде полиция қызметкерлері күшімен 17 пәтер ұрлығы, оның ішінде бұрын жасалған 12 жайт ашылды. Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына қатысы бар 12 күдікті мен екі қылмыстық топты ұстады.

Мысалы, жедел уәкілдер “Пәтер” іс-шарасы барысында Сайрам ауданындағы екі пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдікті жергілікті тұрғын екендігі, ол бір апта ішінде Сайрам ауданының екі тұрғынының үйіне ұрлыққа түскені анықталды. Ұры жәбірленушілердің бірінің үйіне кіріп, құны 280 мың теңге тұратын 123 диагоналды теледидарды ұрлап кеткен. Ал, бір аптадан кейін үй ұрысы басқа тұрғынның үйінен 100 мың теңге болатын алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сонымен қатар, “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қаласында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесіп, құрықтады. Күдікті екеу, жергілікті тұрғындардың екі пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Ұсталғандар бір жағдайда тұрмыстық техниканы ұрласа, екінші жағдайда ақша ұрлап кеткен. Бүгінде пәтер ұрлығы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей, пәтер ұрлығы-меншікке қарсы жиі жасалатын қылмыстардың қатарында. Сіздің тұрғын үйіңіз бен мүліктеріңізге қылмыстық қолсұғушылықты болдырмау үшін өз мүліктеріңіздің сақталуына қажетті шараларды қолданған жөн. Мүмкіндігінше үйлер мен аулаларда бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнату керек. Сондай-ақ, терезелерді темір торлармен, есіктерді сенімді құлыптармен нығайту қажет. Қалдыруға болмайды Есіктер мен терезелерді тіпті аз уақытқа шықсаңызда ашық қалдыруға болмайды. Егер сіз пәтер ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада  полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру