Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қайырымдылық шарасын жалғастырып жатыр

Түркістан облысы Келес және Түлкібас ауданының тәртіп сақшылары көпбалалы отбасыларға  көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөлімшесі кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және Халықаралық отбасы күні мерекесі күніне орай ауданның үлгілі, әрі көпбалалы отбасының біріне сыйлықтарымен арнайы барды. 

Отанасы Ғаникамал Ергешбаева полицейлерді де мерекемен құттықтап, жанұяларына амандық, дендеріне саулық, елімізге тыныштық тілеп, уақыт бөліп құттықтап келгендері үшін ризашылығын білдірді.

Одан бөлек, келестік тәртіп сақшылары Ораз ата ауылынындағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім қызы бар отбасына барып, қажетті азық-түліктер жеткізіп берді. Сондай-ақ, Қошқар ата
ауылындағы туғаннан мүмкіндігі шектеулі 2007 жылғы егіз қыздардың жанұясына
барып, қолдау көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі екі бірдей қыздары бар отбасына азық-
түлік апарды. Көмек алған тұрғындар алғыстарын білдіріп, табыс тіледі.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері де ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы аз қамтылған төрт отбасыға барып, қаржылай көмек пен азық-түліктер тарту етті.

Осындай шаралар полицейлер тарапынан тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру