Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қарт аналардың куәлігін рәсімдеп берді

Түркістан облысының полицейлері қарт аналардың куәлігін рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-нің Көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Бауыржан Байбосын мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жүріп-тұруы қиын қарттардың мекенжайына барып, жеке басын анықтайтын куәлігін табыс етті.

Полицейлер 92 жастағы Сұлу Аликулова мен 78 жастағы Әбділдә Айбала аналардың үйіне барды. Олардың жеке куәлік алулары үшін полицейлер фотосуретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеп, қажетті шараларды атқарды. Осылайша куәліктер қысқа мерзімде әзірленіп, қарияларға табысталды.

– Аудандық полиция бөлімінің басшыларына, Көші-қон қызметкерлеріне, халыққа қызмет көрсету орталықталығына алғысымызды айтамыз. Себебі, пандемия кезінде сақтық шараларын сақтап, ата-анамыздың жеке куәлігі үшін суретке үйден келіп түсіріп, жаңа куәліктерін рәсімдеп берді, – деді ұл-қыздары.

Атап өтетін жайт, Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру