Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруда

Мақтааралдық полицейлер тәртіп сақшысының отбасын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта өзінің қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып, Мақтаарал ауданы тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қоғамдық тәртіп сақшысы ретінде және қылмыспен күресте елеулі үлес қосқан марқұм Адилхан Аимбаевтың отбасына барып, жағдайларын біліп қайтты. Сонымен қоса жұбайы Аимбаева Болсынайды алдағы келе жатқан 16 желтоқсан – ҚР тәуелсіздік күні меркесімен құттықтап, гүл шоқтарын және азық-түлік себеттерін табыстады.

Полиция аға сержанты Адилхан Аимбаев ҚР ІІО қатарында ширек ғасыр бойы абыроймен қызмет атқарып, 2018 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан болатын. Ғұмыры қысқа болған А.Аимбаевтың артында үш ұл, бір қызы қалған. Осы балаларды тәрбиелеп отырған Б.Аимбаеваға бөлім бастығы А.Сапарбеков өзінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Өсіріп отырған ұл-қыздарына әке жолын жалғастырып, елге қызмет ететін ниеттері болатын болса, қолдан келген көмегін аямайтынын айтты.

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Ізгілікті, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз.
Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрін алға тартып, қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру