Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қырманға ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері қырманға ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, оның өзіне тиесілі егін шаруашылығымен айналысатын фирмасында тұрған бидай өңдеуге арналған электро қозғалтқыш моторын және оның редукторын белгісіз біреу ұрлағанын жеткізді. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, қылмысқа барған күдіктіні ұстау мақсатында сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкіл мен учаскелік полиция инспекторлары ұрлық болған аймақты мұқият қарап шықты. Көрген-білгендерден жауап алды. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары барысында ұрланған құрылғы темір қабылдайтын орындардың бірінен табылды. Осылайша небәрі 2-3 сағат ішінде полицейлер жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұрлық жасаған жас жігітті көшелердің бірінен ұстап, ПБ-ға жеткізді.

Анықталғандай, жас жігіт айналасы қоршалмаған ғимараттың ішінде қараусыз тұрған бидай өңдеуге арналған құрылғыны жымқырып, темір қабылдайтындарға 15 мың теңгеге өткізіп кеткен. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру