Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері “Стоп-трафик” шарасын қорытындылады

Түркістан облысының полицейлері “Стоп-трафик” шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ІІМ нұсқауы бойынша Түркістан облысының аумағында жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтауға, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесуге бағытталған “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шараның үш күнінің қорытындысы бойынша жеңгетайлық пен притонды ұйымдастырудың үш жайтын анықтап, тіркеді. Мысалы, Сайрам ауданындағы қонақ үйлердің бірінде жүргізілген рейд кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматшаларын притон ұйымдастырғаны және интимдік қызмет көрсеткені үшін ұстады. Осыған ұқсас дерек Мақтаарал ауданында да анықталды, онда полиция қызметкерлері жеке үйлердің бірінде притон ұйымдастырған екі жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, “Стоп-трафик” іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары 10 жеңіл жүрісті қыз бен үш жеңгетайды профилактикалық есепке қойды. Қабылдау-тарату орнына екі адам қамалды және тоғыз тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда ұстау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер, сізде, осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру