Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері танысының жол сөмкесін ұрлаған әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері танысының жол сөмкесін ұрлаған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, өзімен бірге үйінде жалға тұратын жас әйел күндізгі сағат 14:00 шамасында жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен жол сөмкесін ұрлап кеткен. Онда түрлі киім-кешектері мен қажетті заттары болған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Ұрлық жасап, танысына 60 мың теңгеге жуық шығын келтірген күдікті әйелді ұстауға тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алысымен бірден жолға шықты. Көрген-білгендерден жауап алып, күдіктіні ұстауға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті әйелді Шымкент қаласындағы аудандардың бірінен тапты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде қолды болған жол сөмкені алып, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай жәбірленуші жалғызбасты әйел әлеуметтік желі арқылы өзімен бірге тұратын тағдырлас адамды іздеген. Осылайша күдікті хабарласып, бірге тұруға келіскен. Арада біршама уақыт өткен соң жәбірленуші бір шаруаларымен үйден шығып кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті оның жатын бөлмесіне кіріп, шкаф ішінде тұрған жол сөмкесін алып, оқиға орынан бой тасалаған. Содан соң Шымкент қаласына барып, басқа пәтер іздеуге кіріскен. Ал ұрланған заттарды жеке басына пайдалану мақсатында өзімен бірге алып жүрген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру