Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары гербицид ұрлығын ашты

СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары гербицид ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл ауданында рейдтерге қатысты. Түн ортасы шамасында олар Будённый с. маңында тексеру үшін ауданның 44 пен 38 жастағы екі тұрғыны мінген ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушысынан алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Көліктің артқы орындығында мөрленген гербицид канистралары салынған қораптар болған. Тексеру барысында аталған канистралар аудандық ЖШС біріне тиесілі екендігі белгілі болды. Ер адамның екеуі де онда механизатор болып істейді. Олар дәрілеумен айналысқанын, гербецидтің қалғанын бөлігін жеке тұлғаларға сатуға келіскенін айтты. Келтірілген шығын 825 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, жүргізушіге қатысты масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік материал жиналды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындаған әкімшілік соттың шешіміне дейін арнайы үй-жайға қамалды.

– Учаскелік полиция инспекторлары құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алумен байланысты көптеген міндеттерді атқарады, — дейді ауданның ПБ бастығы Асан Мейрамов. — Сонымен қатар, олар барлық іс-шараларға жұмылдырылған, мысалға, ұрлықтың осы фактісін учаскелік инспекторлар “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысу барысында анықтады. Барлығы ауданда 14 учаскелік полиция инспекторы және УПИ екі көмекшісі қызмет атқарады. Жыл басынан олардың жеке іздеуімен 27 қылмыс ашылып, 918 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 21 мас жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру