Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді Алматы полициясы қорғады

Өз немересінен зорлық-зомбылық көрген зейнеткерлерді Алматы полициясы қорғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егде жастағы тұрғындар көмек сұрап Наурызбай ауданының учаскелік инспекторларына жүгінді. Әжесінің айтуынша, олар өз немересінен зорлық-зомбылық көреді.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері зейнеткерлердің тұрғылықты жеріне барды. Үйде олармен бірге ұл немересі де тұрады. Ал қыз немересі бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әйел өзінің туыстарын: әжесін, атасын және өгей ағасын жүйелі түрде қол көтеретіні анықталды. Өтініш берушінің айтуынша, әйел 77 жастағы атасының зейнетақысын тартып алады, ол бұрын анасының ата-анасына қарсы қол көтерген. Әжесі, сонымен қатар, жанжал кезінде немересі оларды көшеге қуып жіберетіндігін, үйде төбелес шығаратындығын, үй заттарын сындыратырдығын, өгей бауырына түрмеге жабамын деп қорқытатындығын айтты, – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

– Өз анасын ұрады. Ол бұл жерден кетуге мәжбүр болды, оның жүрегі ауырады, шыдай алмайды. Ол бәрін сындырды, өте агрессивті. Атасын бірнеше рет ұрды. Ол мұның бәрін кейінірек өзі иемденіп қалу үшін бізді құртқысы келетін шығар, – деді зейнеткер.

Үйдегі жанжалдарды көршілер де растайды.

– Күн сайын жанжал. Шынымды айтсам, бұл сондай жағымсыз. Араша түсуге тырыстық, бірақ бұл бөтен отбасы, не дей аласың, – дейді зейнеткерлердің көршісі.

Учаскелік полицейлер хабарлағандай, әйел адаммен бірнеше рет профилактикалық әңгіме өткізілген.

– Осы факт бойынша біз зейнеткерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі туралы қорғаныс бұйрығын шығардық. Бұл отбасы бақылауға алынды және біз осы үйдегі жағдайды және құқық бұзушының мінез-құлқын бақылап отырамыз. Егер осы іс-әрекет қайталанса, тиісті шаралар қолданылады, – деді Наурызбай аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғалым Жарылқасынұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру