Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібектік полицейлер “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында өзімен заңсыз қару алып жүрген ер адамды анықтап, ұстады. Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек АПБ-не сағат 10:30 шамасында белгісіз адам қару ұстап жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеуге алынды.

Бәйдібек АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат мал жайылымдардың бірінде мал бағып жүрген жерінен ұсталды. Тұрғыннан шолақ мылтық табылды. Тұрғын өз жауабында, аталмыш заңсыз қаруды тауып алғанын жеткізді. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған қаруға қатысты сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қосымша айтып өтсек, облыс аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру