Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйіне келген танысы кіре беріс бөлмеде тұрған ұялы телефонын жымқырып кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші күдікке ілінген ер адамнан қайтаруын сұрағанымен, ол өз кінәсін мойындамайды. Нәтиже шықпаған соң, арызданушы полицейлерге хабарлайды. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізеді. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындайды. Тәртіп сақшылары күдіктіден ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Құрметті аудан тұрғындары! Ұялы телефонды ұқыпсыздықпен кез-келген жерге қалдырып кетуге болмайды. Қоғамдық көліктерде және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде қолыңызға ұстап немесе киіміңіздің, сөмкеңіздің ішкі қалтасына салыңыз. Ал, егер телефоныңыз ұрланғанын білген сәтте, тез арада полицияға хабарласыңыз. Бұл қылмыстың “ізін суытпай” ашуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру