Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби АПБ-ға кешкі сағат 18:00 шамасында Леңгір қаласының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласты. Оның айтуынша, денсаулығында кінәраты бар 10 жастағы баласы белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Анасы ұлын бірнеше сағат бойы іздеген. Нәтиже шықпаған соң полицейлердің көмегіне жүгінген.

Полицейлер хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды, аудандағы барлық ювеналды және учаскелік полицейлерге хабарлама берілді.

Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы келесі бір ауылдың ішінде жалғыз өзі ойнап жүрген жерінен табылды. Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне аман есен қайтарылды. Ұлымен қауышқан анасы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты.

– Балам із-түссіз жоғалып кетті. Ал полицейлер ұлымды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын, – деді анасы

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру