Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны өз жұмыс орнына ұрлыққа түсті

Түркістан облысының тұрғыны өз жұмыс орнына ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда жәбірленуші ер адам бір апта бұрын өзінің жылыжайынан екі орам полиэтилен пакетін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Ол осы уақытқа дейін өз бетінше іздеп жүрген. Алайда еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Аудандық полиция бөліміне хабар түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы оқиға орнына бірден бет алды. Айналаны түгел шолып шығып, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Осылайша тәулік бойы жасаған тиянақты жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдікті ер адамды анықтады. Ол жылыжайда жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті күндізгі уақытта жұмыс жасап жүріп, аулада бос жатқан екі орам полиэтилен пакеттерін көрген. Содан соң өзінің несиесін төлеу мақсатында оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша түнгі уақытта пакеттерді жымқырып, ауыл тұрғындарының біріне сатып жіберген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру