Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері есірткі сақтаған ер адамды ұстады

Түркістан полицейлері есірткі сақтаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне тұрғындардың бірі есірткі заттарын сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полицейлер СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан ҚПБ-ның жедел уәкілдері есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Тәртіп сақшыларымен күдіктінің ауласынан ақ қағазға оралған кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру