Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері алимент төлеуден жалтарған 13 адамды анықтады

Үш күнде СҚО полицейлері алимент төлеуден жалтарған 13 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері үш күн ішінде алимент төлеуден жалтарған 13 адамды анықтады. Сондай-ақ, үш борышкер мен туыстық байланысынан айрылған екі адамның орнын анықтады.

– Үш күн ішінде іздеуде жүрген осы санаттағы азаматтардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Барлық анықталған ақпарат одан әрі заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау үшін іздестіруге бастамашылық еткендерге берілді. Егер бұл туыстық байланысын жоғалтқан азаматтарды іздеуге қатысты болса, онда ақпарат өтініш берушілерге беріледі, – деді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Петропавлда полицейлер 2017 жылдан бастап 5 жасар ұлын асырауға алимент төлемей жүрген 30 жастағы қалалықтың жүрген жерін анықтады. Алимент төлемеушінің тұрғылықты жері туралы барлық ақпарат сот орындаушыға берілді.

Сонымен қатар көші-қон қызметінің қызметкерлері соңғы екі айда анасымен байланысқа шықпаған әйелдің жүрген жерін анықтады. 

Осыған ұқсас жағдай 42 жастағы ұлымен “қиындық” туындаған келесі бір петропавлдық отбасында кездескен. Ер адам үшін ұлымен байланысын жоғалтқан зейнеткер анасы алаңдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру