Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласында зейнеткердің ақшасын жымқырған әйел ұсталды

Сәтбаев қаласында зейнеткердің ақшасын жымқырған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде 70 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу пәтерге кіріп, банк картасын ұрлап, одан 130 мың теңгені шешіп алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 40 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Күдікті әйел үлкен кісіге көмек көрсетуді сылтауратып, зейнеткердің пәтеріне бірнеше рет барған. Қолайлы сәтті пайдаланып, банк картасын ұрлап, зейнеткердің шотындағы барлық ақшаны шешіп алған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру