Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері мас халде көлік басқарған 3 бірдей жүргізушіні ұстады

Түркістан полицейлері мас халде көлік басқарған үш бірдей жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуде. Сондай ауқымды шаралардың бірі – “Қауіпсіз жол”. Шара барысында ордабасылық тәртіп сақшылар Volkswagen Passat автокөлігін байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.

Бұдан бөлек сақшылар ZAZ Chance және Lada-2105 автокөліктерін де анықтап, тексерді.

Полицейлер көлік иелерінің мас халде болуына күдіктенді. Осылайша сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес, жүргізушілердің мас екені расталды. Полиция қызметкерлері аталған жайттарды ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді.

Ал жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық сотқа жолданды. Сот жүргізушілерді 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу мен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру