Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді

Түркістан полицейлері тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмектесулерін сұрайды. Оның айтуынша, Қосмезгіл ауылына қарасты 2 шақырым жердегі мал жайылымында жүрген оның 2 бас сиыры түнгі уақытта белгісіз жағдайда жоқ болған. Аяқ асты жоғалған сиырларын табу үшін мал иесі полицейлерден көмек сұрады.

Аталған ақпаратты алысымен саурандық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Осы аймақтың тау-тасын жақсы білетін полицейлер айналаны толық шолып шығып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды.

Нәтижесінде жоғалған сиырлар 10 шақырым жердегі егістік алқаптан табылып, егесіне қайтарылды. Осы орайда малдарының аман-есен табылғанына қуанған мал егесі полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

– Түнгі уақытта сиырларымды жоғалтып алдым. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Олар барлық күшті жұмылдырып, малдарымды тауып берді. Тәртіп сақшыларына көп рақмет, – деді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру