Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнекамералардың көмегімен 5 қылмыс ашылды

Шымкентте бір аптада бейнекамералардың көмегімен 5 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының 102 арнасына 6707 әр түрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Оның 2890-ы тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылған. Оның төртеуі ұрлық қылмысы. Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен көмек береді.

Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 923 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша – 144, жол ережесін бұзған – 718, одан басқа да 61 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру