Түркістан полицейлері заңсыз қару сақтаған күдіктіні ұстады
Түркістан полицейлері заңсыз қару сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірінен қару-жарақ заттарын заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Түлкібас ауданының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін «ИЖ» маркалы газдық пистолетті тәркіледі. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Түлкібас АПБ-ға жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті газдық пистолетті Қошқар ата өзенінің жанынан тауып алып, осы уақытқа дейін сақтап жүрген. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.