Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 100 жүргізушіге жол қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамда "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру бағытында ерекше профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол бойында жүргізушілерді тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түнгі сағат 00:00 мен таңғы 04:00 аралығында өткізілген бұл шарада 100-ге жуық жүргізуші қамтылды.

Ұзақ жолдан шаршаған азаматтардың сергектігі мен қырағылығын арттыру мақсатында оларға ыстық кофе таратылды. Оған қоса, полицейлер жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол ережелеріне мұқият болу қажеттілігін ескертті.

Жүргізушілер тәртіп сақшыларының бұл қамқорлығына ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

Бұл бағыттағы алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру