Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

Түркістанда 200-ге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың шілде айында Келес ауданында карантин режимін бұзуға қатысты 32 жайт анықталған. Оның ішінде жетеуі той-жиын. Анықталған жайттардың барлығы заңды шешім қабылдау үшін Келес ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Келес ауданы Біртілек ауылдық округінде орналасқан тойханалардың бірінде сағат күндізгі 14:00 шамасында карантин режимін өрескел бұзып, үйлену тойы жасалып жатқаны анықталып, мобильдік топпен барған полицейлердің бейнежетонына түскен. Тойға 200-ге тарта адам жиналғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары тойға жиналған қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тойды тарқатты. Аталған тойхана иесі мен той жасаушы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік шара көру үшін іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру