Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда бойжеткен құрбысының ноутбогын ұрлап кетті

Түркістан полицейлері құрбысының ноутбугын жымқырған бойжеткенді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға Бәйдібек ауданының тұрғыны келіп арызданды. Оның айтуынша, жатақханасындағы бөлмеден белгісіз біреулер құны 300 мың теңге тұратын ноутбугын жымқырып кеткен. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында қалалық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, күдікті деп танылған азаматша анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол Алматы қаласының тұрғыны болған, жәбірленушінің бір бөлмеде жататын танысы болып шықты.

Белгілі болғандай күдікті азаматша құрбысының бөлмеде жоқтығын пайдаланып, өз арам ойын жүзеге асырмақ болған. Алайда тәжірибелі полицейлер күдікті азаматшаны тәулік ішіне жеткізбей анықтады. Бүгінде күдікті бойжеткеннің бас шарасы қолхатта. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: барлық құнды заттарыңызға барынша сақ болыңыз. Үйлеріңізге, аулада орналасқан қандай да бір қоймаларыңыздың есігіне мықты құлыптар салып, бекітіп жүріңіздер. Егер сіз де ұрлық қылмысының құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру