Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көршісінің көлігіне ұрлыққа түскен жігітке қатысты сот үкімі шықты

Түркістанда көршісінің көлігіне ұрлыққа түскен жігітке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ауласында тұрған “Ауди” маркалы автокөлігінің ішінен бағасы 40 мың теңгелік магнитофоны мен құны 29 мың теңгелік дыбыс зорайтқыштары ұрланғанын айтады.

Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 70 мың теңгені құрайды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, тиянақты іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Сарыағаштық сақшылар ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына келіп, қажетті деген жедел шараларды жүзеге асырады.

Осылайша тыңғылықты атқарылған тексеру жұмыстарының нәтижесінде небары тәулік ішінде күдікті анықталды. Ол жәбірленуші азаматтың көршісі болып шықты. 

Белгілі болғандай, күдікті деп танылған көрші түнгі сағат 03:00 шамасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, ұрлық қылмысына барған. Яғни көршісінің көлігіне кіріп, магнитофоны мен дыбыс зорайтқыштарын жымқырып кеткен. Осыдан кейін күдікті ұрлаған заттарды үйіне жасырып қойған. Полицейлердің тиянақты жұмыстарының арқасында ұрланған заттар тәркіленіп, заңды иесіне берілді. Сондай-ақ заң шеңберінде сотқа дейінгі тергеу амалдары мұқият жүргізіліп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Өз мерзімінде Түркістан облысы Сарыағаш ауданының соты күдікті, яғни 23 жастағы жас жігітке қатысты өз шешімін шығарды. Демек ұрлық қылмысын жасаған жәбірленушінің көршісіне қатысты сот екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Киелі өңір Түркістанның тәртіп сақшылары барлық тұрғындарға ескертеді, ұрлық қылмысын болдырмау үшін әркез өз мүліктеріңізді мұқият болып, сақтық шараларын ұстаныңыздар. Автокөліктеріңізді ашық және кілттеусіз қалдырмаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру