Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта карантин кезінде кезекті той тоқтатылды

Түркістан облысында полицейлер карантин кезінде кезекті той өткізуді тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты карантиндік режим енгізілгені белгілі. Алайда, санитарлық және шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаймауда.

Құқық бұзушылар үйлену және отбасылық іс-шараларды өткізу арқылы, шақырылған туыстары мен қонақтарды, жақындарының денсаулығын қауіп қатерге итермелеуде.

Мәселен, Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жергілікті тұрғындардан карантин шараларын бұзу жайтын анықтады. Рейдтер барысында мейрамханалар, кафелер мен басқа да адамдар көп жиналатын орындарды тексеру кезінде, полиция қызметкерлері өткізіліп жатқан екі тойды анықтады. Олар 200-ге жуық адам жиналған үйлену той болса, бірі 100 адам жиналған 60 жылдық той екендігі белгілі болды. Осыдан аталған тойлардың ұйымдастырушыларымен және қатысушыларына тәртіп сақшылары түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, қонақтарды тойханадан таратты.

Тойхана әкімшілері мен той ұйымдастырушыларына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға коронавирустық инфекцияға байланысты енгізілген карантиннің санитарлық-эпидемиологиялық ШАРАЛАРЫН міндетті түрде қатаң сақтауды ескертеді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру