Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда ұрлық қылмысына қатысы бар ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысына қатысы бар ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғынның темір-терсегін ұрлап, сатып жіберген ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның ескі сарай ішінде сақтаулы тұрған екі самаурынын, аккумулятор қуаттағыш пен ұсақтағыш құралын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгеден асады.

Түркістандық сақшылар аталған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. 

Орын алған ұрлықты ашып, кінәлілерді құрықтауда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Куәлардан сұрастырып, жедел әрекет етті. Осылайша жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған, жұмыссыз ер адам болып шықты. 

Белгілі болғандай, ақша керек болған ер адам түнгі уақытта арам ойын іске асырған. Оңай олжасын үй иесіне байқатпай ұрлап, заттарды металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшаны жаратқан. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру