Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда ЖБО камераларының көмегімен есірткі сақтау дерегі анықталды

Түркістанда ЖБО камераларының көмегімен есірткі сақтау дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЖБО-ның бейнебақылау камералары бүгінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарды ашуда белсенді қолданылып жатыр.

Мәселен, полицейлер соңғы үлгідегі заманауи технологиялардың көмегімен облыс орталығында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады. 

Жедел басқару орталығына күнделікті қызмет атқару барысында есірткі сақтауға күдікті жас жігітке қатысты бағытнама келіп түсті. Бейнебақылау камераларының көмегімен жедел басқару орталығының операторлары оның тұрған жерін анықтап, деректерді патрульдік полицияға берді. 

Нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен ер адамды тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер одан есірткіге ұқсас затты тапты. Тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғынын полицияға жеткізді. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол  тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. 

Қазіргі уақытта қажетті іс-шаралар жүргізілуде және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру