Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық әйел сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

Түркістандық әйел сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол түскі сағат 12:00 шамасында жұмыс орнынан шығып, үйіне жету үшін аялдамадан жолаушылар көлігіне мінеді. Содан діттеген жеріне келіп, автобустан түскенде қолсөмкесінің көлікте қалып қойғанын білген. Осылайша әйел сөмкесін іздеп таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Сөмкеде өзіне тиесілі құжаттары болған.

Аталған жайтты түркістандық полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Полицейлер жәбірленушіден, көрген-білгендерден жауап алып, күдіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тәулік ішінде күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушімен бірге көлікте отырған жолаушы әйел жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Содан жәбірленушінің сөмкесінің қалып кеткенін көріп, оны білдіртпей жымқырған. Ұсталған әйелден сөмке тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

– Мен сөмкемді жоғалтып алдым. Содан полицейлердің көмегіне жүгіндім, бірден тауып берді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Үлкен рақмет, – деп шынайы ризашылығын білдірді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру