Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық есірткі сатушысы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатушыдан марихуана мен синтетикалық есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының (ЕҚҚІҚБ) қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, күдікті Түлкібас ауданы тұрғындарының біріне бес мың теңгеге марихуана сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ-ның полицейлері есірткі сату қылмысына күдікті ретінде Түлкібас ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын «марихуана» болып шықты. Содан жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде үйінің ішінен “синтетикалық есірткіні” тәркіледі. Бүгінгі таңда күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері есірткі заттарын өткізудің 24 фактісінің жолын кесті, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың алты фактісі, контрабанданың алты жағдайы және 40-тан астам есірткі сатылатыны анықталды. Заңсыз айналымнан полицейлер 30 кг-ға жуық есірткі заты мен алты грамнан астам затты тәркіледі. “синтетикалық есірткі”.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстану үшін жаман әдеттерден арылып, есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту қажеттігін түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру