Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер кезекті пәтер ұрлығын анықтады

Түркістандық полицейлер кезекті пәтер ұрлығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған теледидарымен басқа да материалдық заттарын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 130 мың теңгені құрады.

Аталған оқиғаны тәртіп сақшылар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Үйге ұрлыққа түскен ұрыны ұстау мақсатында, аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алады. Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер, күдікті деп танылған әйелді тұрғылықты мекенжайынан анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Тергеу барысында күдікті әйел жәбірленушінің танысы болып шықты. Күдікті жәбірленушінің үйінде жоқ екенін алдын ала біліп отырған. Содан күдікті әйел үйге кіріп, өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде қолды болған заттар заңды иесіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта. Бұрын сотты болған.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Пәтер ұрлығы болған жағдайда, жедел түрде “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру