Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер карантин режимін бұзушыларды анықтады

Қазығұрттық полицейлер карантин режимін бұзушыларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде, коронавирус індетімен ауырғандар саны күн санап өсуде. Осыған байланысты Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі күшейтіліп, бірқатар шектеу шаралары қарастырылды. Ал, полиция қызметкерлері мобильдік топпен бірге осы шектеулердің орындалуын қадағалап, тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда.

Осы тұста Қазығұрт АПБ-ның полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарды бақылауға алып, ойын-сауық орындарының талапқа сай қызмет көрсетуін тексеруде. Осындай кезекті профилатикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында, бір тәулік ішінде төрт жайт анықталды. Олардың екеуі Қазығұрт ауданы Қарабау елді мекенінде орналасқан, дүкеннің сатушысы медициналық бетпердесіз жұмыс жасап жатқаны анықталды. Сонымен қатар Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының тұрғыны бетпердесіз көпшілік орынға келгені белгілі болды.

Анықталған деректерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін аудандық СЭББ-ге жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру