Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өткізді

Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Балалар жылы” аясында оқушыларға нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, Шардара ауданының полиция қызметкерлері денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық даму және спорт басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Б.Соқпақбаева атындағы орта мектептің акт залында Шардара ауданының 24 мектебінен 500 оқушының қатысуымен семинар ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары оқушыларға олардың болашағына теріс әсер етуі мүмкін есірткі мен психотроптық заттардың адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білудің маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзғаны және қылмыс жасағаны, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік барын ескертті.

Шара соңында полицейлер оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру