Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер қарға батып қалған автокөлікті сүйреп шығарды

Түркістандық полицейлер қарға батып қалған автокөлікті сүйреп шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта Түлкібас қаласы көшелерінің бірінде Lada Priora автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, қар арасына кептеліп қалған. Дәл осы сәтте қызмет барысында жүрген Түлкібас АПБ-ның қызмет инспекторы Оралхан Қабылбеков қозғалуға шамасы келмей жатқан көлікті көріп, дереу көмекке барды.

Осылайша, Оралхан қызметтік көлігінде тұрған қажетті құралдарды дайындап, автокөлікті жол ортасына сүйреп алып шықты.

– Қолайсыз жауып тұрған қарға байланысты, жол жиегіне батып қалған едік. Полиция қызметкерлері бізді көре сала бірден келіп, қауіпсіз жерге көлігімізді тартып шығарды. Полицейлерге рақмет, еңбектеріңіз жана берсін, – деп алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру