Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер тікелей эфирде тұрғындармен тілдесті

Түркістандық полицейлер тікелей эфир арқылы брифингте тұрғындармен тілдесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде “Instagram” және “Facebook” желілерінің тікелей эфирінде “Автокөлікті басқару кезінде жүргізуші құжаттарының болуы нормасын алып тастауға қатысты заңнамадағы өзгерістер” тақырыбында брифинг өтті. Аталған брифингке Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков арнайы шақырылып, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қалың көпшілікке нақтылап түсіндіріп берді. Сонымен қатар осы тұста желі қолданушылары да жазбаша түрде өз сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарының нақты жауаптарына қанық болды.

Мәселен, жалпы облысымызда аталмыш заңдағы өзгерістерге байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде? Құжатсыз жүрген жүргізушілер кездесті ме? Жүргізушілер бұл жаңа норманы қалай қабылдап жатыр? Осы сияқты бірнеше сұрақтар қойылды.

Өз кезегінде тұрғындарды мазалап жүрген сауалдарға полиция басшысы тікелей эфирде жауап беріп, кейбір сауалдар мен мәселелер бойынша қызметкерлерге тапсырма беретінін жеткізді.

Айта кететін жайт, қолжетімді полиция қағидатын қалыптастыру мен полицияның тұрғындармен кері байланыста болуы үшін мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Кылышбек жетыбаев :

    Оте керемет

Жауап қалдыру