Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сотталғандардың электронды арыз-шағым беруіне арналған терминалдар іске қосылды

Түркістан облысында сотталғандардың электронды арыз-шағым беруіне арналған терминалдар іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/9 мекемесінде сотталғандардың өтініштерін электрондық форматта басқа мемлекеттік органдарға жіберу үшін терминалдар орнатылды.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде терминалдар Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ИЧ-167/9 мекемесінде орнатылды және сотталғандардың өтініштерін басқа мемлекеттік органдарға электрондық форматта жіберу үшін пайдалануға берілді. Бұл сотталғандарға колонияда болған кезде өз бетінше және қысқа мерзімде өз шағымдары мен өтініштерін жіберуге мүмкіндік береді.

– ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандармен терминалды пайдалану бойынша оқыту жүргізілді. Құрылғының функционалды ерекшеліктері бар, мысалы, сотталушының өзінің үндеуін жіберуі үшін құрылғыны жасаушылар Secugen деп аталатын саусақ ізін биометриялық сканерді ұсынады. Бұл жай ғана бағдарлама емес – бұл колониядағы барлық сотталғандардың саусақ іздері мен анықтамалық деректері енгізілетін база. Мұндай жаңашылдықтар сотталушылардың заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әртүрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді. Терминал барлық сотталғандарға қол жетімді жерде орнатылған, – дейді ҚАЖ департамент бастығы Талғат Абдранбаев.


Ведомствоның мәліметінше, терминал вандалға қарсы корпустан тұрады, үздіксіз қуат көзі, сенсорлық экран, принтер, веб-камера, қолжетімді қарпі бар ыңғайлы сенсорлық пернетақта және сыртқы құрылғыларды қосуға арналған қосымша USB-порттар көзделген. Терминалдың басты функционалдық қағидасы мекеме әкімшілігінің қатысуынсыз сотталғандарға электрондық өтініштерді жіберу мүмкіндігі болып табылады, бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тек 2020 жылдың өзінде ИЧ-167/9 мекемесіндегі сотталғандар тарапынан 508 өтініш жолданған. Бұдан былай сотталғандар прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға өз шағынымдарын мекеме әкімшілігіне жүгінбей-ақ терминал арқылы бере алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру