Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер заңсыз мал тасымалдаған 91 автокөлік иесін анықтады

Түркістандық полицейлер заңсыз мал тасымалдаған 91 автокөлік иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, болдырмау, мал ұрлығының ізін суытпай ашу.

Аталмыш шара барысында қалалық, аудандық Полиция басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері жұмыс жасауда. Осы тұста Мақтаарал ауданы ПБ-ның жеке құрам қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, әр аптаның бейсенбі күні таңғы сағат 05:00-ден бастап мал сататын аймақтардың барлығына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы жыл басынан бері мал тасымалдаған 328 автокөлік, оның ішінде 612 мал тексерілді. Тәртіп сақшылары заңсыз мал тасымалдаған 91 көлік иесін анықтап, ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, әкімшілік шара көрілу үшін тиісті орынға жолдады.

Сонымен қатар әрбір учаскелік инспекторлар өздерінің ауыл әкімдіктерімен, ветеринария саласының қызметкерлерімен бірлесіп, қараусыз қалған және егістік алқаптардың жағалауында арқандаулы тұрған малдарды қамап, иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері ауыл әкімшіліктерде өткізіліп жатқан жиналыстарды мал ұрлығы туралы әңгімелер, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына мал қораларының беріктігін қамтамасыз етіп, қажетті іс-шараларды қолдануды естеріне салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру