Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғындар «102» мобильді қосымшасы арқылы полицейлерге хабарласты

Түркістандық тұрғындар «102» мобильді қосымшасы арқылы полицейлерге хабарласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев қазақстандықтарды «102» қосымшасын пайдалануға шақырған болатын. Министрдің айтуы бойынша, халыққа ыңғайлы жаңа сервис, яғни 102 мобильдік қосымшасы орын алған оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына тез арада жауап беру, жедел шараларды атқару арқылы көмек қолын созу болатын. 

Сондықтан Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласынан аталмыш мобильдік қосымша арқылы бірнеше тұрғын хабарласып, құқық бұзушылықтар туралы айтты.

Мәселен жергілікті тұрғын Әнуар Қылышбаев «102» қосымшасы арқылы полицияға бейнеқоңырау шалып, Тәукехан даңғылындағы тыйым салынған орынға қойылған автокөлік туралы хабарлады. Тұрғынның қоңырауын қабылдаған Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының операторы Әзіретберген Шамшат азаматқа жедел түрде патрульдік полиция экипажын заңды шара көру үшін жолдады.

Жергілікті тұрғын полицейлерге:

– Бұл қосымшаны жүктеп алғаныма өкінбеймін. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетіне алғыс айтамын. Алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтарды көрсем, хабарлайтын боламын. ІІМ-нің қосымшаны іске қосқанына рақмет!, – деп айтты тұрғын.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары халыққа ыңғайлы жаңа сервис «102» мобильді қосымшасы бойынша жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Сондықтан облыс полицейлері тұрғындарға орын алған оқиға туралы, өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне, өміріне қауіп төніп тұрса, сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау секілді жайттар болса, ақпаратты әлеуметтік желілерге жүктегенше, 102 қосымшасы арқылы хабарласып айтуға шақырады. Бұл өз кезегінде азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру