Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар айында Ақтөбе облысында 38 ЖКО болды

Қаңтар айында Ақтөбе облысында 38 ЖКО болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Ақтөбе облысының жолдарында ондаған автокөлік әуесқойлары мен жолаушылар қаза тауып, жарақат алады.

Қаңтар айының өзінде облыс жолдарында 38 ЖКО орын алды, онда бес адам қаза тауып, 55 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Көбінесе апаттың пайда болуына адам факторы ықпал етеді: ұқыпсыздық, жол ережелерін сақтамау, жеке қауіпсіздікке және қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапсыздық.

Мәселен, бір ай ішінде Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 28 492 фактісін анықтады.

– Біздің жүргізушілеріміздің ең үлкен қателігі – жылдамдық режимін бұзу, әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жылдамдықтың артуына байланысты болады. Жылдамдықты асырғаны үшін 608 жүргізуші жазаланды.
Жол-көлік оқиғаларының себептерінің бірі – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және бұл бұзушылық ең қауіпті болып саналады, өйткені оның салдары ауыр ЖКО-ға әкеп соғуы мүмкін. Жылдың ағымдағы кезеңінде осы бұзушылық үшін 42 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Ауыр жаза қаупіне көбісі мән бермейді, атап айтқанда, мас күйінде көлік жүргізу. Осы бұзушылық үшін биыл 17639 жүргізуші ұсталды, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Атап өтейк, ағымдағы жылы үш жаяу жүргіншілер өткелдері шақыру құрылғысымен жабдықталды.

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда аса мұқият болуға, күрделі жол жағдайларында басып озу маневрлерін, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығуды қоспағанда, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық беру керек.

Жолдардағы қауіпсіздік әрбір жол жүрісіне қатысушының жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты екенін есте сақтау қажет!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру