Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркия азаматы жол бойында көмектескен СҚО тұрғындары мен полицейлеріне алғыс айтты

Түркия азаматы жол бойында көрсеткен көмегі үшін Солтүстік Қазақстан тұрғындары мен полицейлеріне жылы лебізін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Новоишим ауылын патрульдеу барысында Ғ.Мүсірепов ауданының ПБ қызметкері Гаражная көшесіндегі теміржол өткелінің жанында Mercedes маркалы фураның тоқтап тұрғанын анықтады. Оның жүргізушісі Түркия азаматы еді. Ол Қостанай қаласынан элеваторға арналған жабдықты тасымалдаумен айналысқан, содан кейін жасымық жүктерімен отанына оралуды жоспарлаған. Қостанай қаласының тұрғыны Оксана Третьякова тілдік кедергіні еңсеруге көмектесті.

Аудандық ПБ қызметкерлері қауіпті учаскеде жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырып, “Астық – Петропавл” ЖШС-нен көмек сұрады. Оның директоры Георгий Барамидзе жүк көлігін қауіпсіз жерге эвакуациялау техникасын ұсынды. Алайда жүк көлігін орнынан жылжыту бірден мүмкін болмады. Қуанышқа орай, Новоишим ауылының тұрғыны Виталий Романович дәл осындай жүк көлігімен өтіп, механизмнің ерекшеліктерін жақсы білген соң, ақаулықты жөндеуге көмектесті. Осыдан кейін Mercedes жол өткелінен алынды.

Келесі күні Қостанайдан қажетті қосалқы бөлшектер келді. Жөндеу аяқталғаннан кейін жүргізуші жол жүруін жалғастырды.

– Көп рақмет, мұндай полиция барлық жерде болса ғой, бізді жолда көмексіз қалдырмады, – деген шетелдік азаматтың сөзін Оксана Третьякова аударып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру