Тұсаукесер, ұлттық киім мен тағам: Шымкентте полицейлер Наурыз мейрамын атап өтті
Қалалық полиция департаментінде Наурыз мейрамына орайластырылған мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірінде ведомство қызметкерлерінің ұлттық киімі салтанатты жиынға сұлулық пен бірегейлік сыйлап, ерекше атмосфера қалыптастырды. Сонымен қатар шараға қатысушылар ұсынылған қазақ тағамдарынан дәм татты.
Мерекелеудің басты сәті тұсаукесер дәстүрі болды. Бүлдіршіннің тұсауын кесу департамент бастығы Нұрлан Алмасбековке бұйырды. Мерекелік әндер үзілмей шырқалған іс-шарада қызметкерлер бірін-бірі құттықтап, ізгі тілектерімен бөлісті.
Осындай керемет көктем мейрамы барлығына ерекше көңіл-күй сыйлап, адамдарды біріктіретін және дәстүрлердің құндылығын еске түсіретін күнге айналды.