Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемелерінің бірінде қалташадағы шайдан есірткі табылды

Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінің бірінде қалташадағы шайдан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/17 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау  барысында мекеме қызметкерлері “ерекше” сәлемдемені тауып алды.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан “А” деген сотталушыға әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 7 қалташадағы шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот сараптамасы тағайындалып, алынған заттың 37 гр гашиш екені анықталды.

Есірткі заттарын жазасын өтеп жатқандарға жөнелтуші “жанашырлар” өздерінің әрекеттеріндегі қылмыс құрамын және оның салдарынан туындайтын жауаптылықты түсіне бермейді.
Сәлем-сауқатты жолдаушы азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылып, өзі де темір торға тоғытылуы мүмкін, – деді  Департамент бастығының орынбасары Қанат Зиянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру