Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде сотталғандарды қоғамға бейімдеуге бағытталған шара өткізілді

Жазатайым немесе қасақана қылмыс жасап сотталған азаматтардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін  «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осы орайда  ЗК-169/1 мекемесінен бостандыққа шығуына 2-3 ай қалған жазасын өтеп жатқан азаматтарға арнап  «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға мекеме бастығы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің,  қылмыстық жазасын өтеген  адамдарды  әлеуметтік бейімдеу және оңалту  орталығының, қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстар қалыптастыру, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кеңестер берді.

Қажетті ақпараттар мен сауалдарына жауап алған сотталған азаматтар  мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру